Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін видеоға түсірген
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеосы пайда болды. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен екі жасөспірім бірін-бірі киімінен ұстайды да сөзбен айтысады, содан кейін біреуі екіншісін жерге сүйрейді. Екінші видеода үшінші қыз жеңілген сыныптасының басын тізесімен басқан.
Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.
"Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ