Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емізіп отырып ұйықтап кеткен: Қазақстандық әйелдің сәбиі тұншығып көз жұмды

Ана мен бала
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында абайсызда сәбиінің өліміне себеп болған әйел сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақмола облыстық сотының мәліметінше, айыпталушы әйел қонақта ішімдік ішіп, үйіне мас күйде келген. Әйел түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен.

Оянған кезде әйел баласында тіршілік белгілері жоқ екенін байқаған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығудан көз жұмғанын анықтады.

Прокурор айыпталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының шын жүректен өкінуді жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмысты мас күйде жасауын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот үкімімен әйелге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық әйел тірі сәбиімен бірге шетінеп кеткен сыңарын құрсағында көтеріп жүргені туралы жазған едік. Нәтижесінде екінші баласы да көз жұмған.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026 22:22