Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен сұхбат кезінде ұзын шашының кесірінен тұншығып қалған

Жүкті әйел жұмысқа тұру мақсатында зауытта келіп, сұхбаттасу кезінде шашы тоқыма станоктарында ілініп қалды. Әйел оқыс жағдайда қайтыс болды.

Жүкті әйел зауытта өз шашына тұншығып мерт болды. 21 жастағы Умида Назарова Борисовтағы "Свармет" зауытын аралап жүрген кезде оның ұзын шашы сым мен электродтар жасайтын жабдыққа ілініп қалған. Шашы мойнын орап, басынан ауыр жарақат алып, бас терісінің бір бөлігін жұлып алған.

Ол Белоруссияда есін жимай, 20 күннен кейін қайтыс болды. Жас келіншек сатушы болу үшін, жаңа жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп жатқан еді. Ал аға қызметкерлер зауытты таныстырып жүргенде, кенет шашы темірге ілініп, қанға боялған.

"Дәрігердің айтуынша, тамағы жарақаттанған. Шашын мойнына орап тастаған. Егер оның станокты дереу алып тастамағанда, сол жерде өз шашымен тұншықтырар еді", – деді анасы Ольга.

Оның әкесі Димитри де қызы өлімге әкелген жарақаттан есін жимай, қауіпсіздік ережелері бұзылғанын айтты.



"Олар екі адамның өмірін қиды, ол жүкті еді. Олар оның шашы ұзын екенін көріп тұрып, неге жабу үшін бірдеңе бермеді?", – деді әкесі.

"Оған жабдықтың қалай жұмыс істейтінін көрсетіп тұрған қызметкер журналға әлдене жаза бастаған. Ол басын бұрған кезде, әйелдің ес-түссіз жерде жатқанын, шашы машинаға оралғанын көрген", – деді Беларусь тергеу комитеті.

Әйелді жерлеу рәсімінің шығынын компания төледі, ал аты-жөнін атамаған зауыт басшысын сот "адам өліміне әкеп соқтырған және немқұрайлы көзқарасы салдарынан қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін" айыпты деп танылды.

Талқылау