AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз ағасының орнына 19 жыл түрмеде отырған жігіт бостандыққа шықты

44 жастағы америкалық Кевин Дугар егіз сыңары жасаған қылмысы үшін 19 жылдай түрмеде отырған. Ол кінәсіздігін дәлелдейтін сот отырысна дейін кепілмен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соттың пікірінше, 2003 жылы Кевин Дугар бәсекелес бандалық топтың мүшелеріне бірнеше оқ атқан. Бір адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды. Айғақтар мен куәлар әрине бұл деректерді растаған.

Қылмысын мойындамаған Дугарға 2 жылдан соң 54 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Сегіз жылдан кейін ғана оның ағасы Карл Смит қылмысты өзі жасағаны туралы хат жолдаған. Бес жылдан кейін судья Смит келтірген дәлелдерге сенімсіздік танытып, оның онсыз да пәтерді тонау кезінде баланы өлтіргені үшін 99 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты. Смит інісіне жабылған өз кінәсін апелляция оның ісін қараудан бас тартқан кезде мойындаған.

Соған қарамастан заңсыз соттау мекемелерінің қызметкерлері Дугардың ісін қайта қарауға қол жеткізіп, кінәсіздігін дәлелдеуге мүмкіндік алған. Сотқа дейін ер адам түрмеден босатылып, 20 жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет өзін еркін сезінді. 

“Бәлкім осынша жылдан кейін бостандыққа шығу үлкен қуаныш деп ойлайтын шығарсыздар. Алайда осынша жыл қамауда отырған адам үшін ашық қоғамға бейімделу процесі өте қиын. Кейбіреулер әлеуметке сіңісуді өмір бойы үйренеді”, – деп түсіндірді Дугардың адвокаты Рональд Сафер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр