15 жыл үй тазалаған әйел министрдің орынбасары болып тағайындалды
Чилиде 15 жыл бойы үй тазалаумен айналысқан әйел министрдің орынбасары болып тағайындалды. 1 ақпан күні Чили президенті Габриэль Борич елдің жаңа үкіметінің құрамын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел Чилиде әртүрлі отбасылардың үйін тазалаған. Бұл туралы ақпарат оның қысқаша биографиясында бар.
Лус Видаль бұрын үй қызметкерлері кәсіби ұйымын басқарған. Бұрынғы әріптестері оны жаңа қызметімен құттықтап, қолдау білдірді. Ал Видальдың өзі әйелдердің құқығын қорғау жолында барын салатынын айтып, президентке алғыс айтты.
Un honor poder contar con Luz. https://t.co/nztB8Yn9cW
— Gabriel Boric Font (@gabrielboric) February 1, 2022
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"