AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алпауыт зауыт салған миллиардер кезінде аула сыпырушы болғанын айтты

Белгілі меценат, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов кезінде аула сыпырушы болып жұмыс істегенін айтты. Кәсіпкер оқушы кезінде репетитор жалдау үшін қосымша ақыға еңбек еткен. Бұл туралы Жанықұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты. 

Жұмабек Жанықұлов ел тәуелсіздік алған жылдары Алматыдағы "физмат" мектебіне түскенін айтады. Сөзінше, ол оқу ордасына 10-сыныпта қабылданған. Өзге қатарластары 8-сыныптан оқығандықтан, математикадан үлгерімі нашар болған. Мектептен шығып қалмау үшін ұстазы қосымша репетитор жалдауға кеңес берген. 

"Сол жылдары әкем Алматыға келіп қалды. Мұғалімнен: "Баламның үлгерімі қалай?” деп сұрағанда "жақсы" деген. "Көрсетсейші" дегенде журналдан тек екіліктерді көрген. 

"Әй, бала, не істеп жүрсің? Кеттік ауылға", – дегенде сынып жетекшім аман алып қалған. Бұл жердің "2-сі" ауылдың "5-нен" көп деген еді. Математика пәнінің мұғалімі: "Мына түріңмен мектепті бітіре алмайсың, репетитор жалдауың керек. Әкеңнен ақша сұра", – деді. Әкемнен ақша сұрай алмаймын, сұрағаным, ауылға қайтқаным еді. Сонда апайым осы мектепте ауланың дворнигі боласың деді", – дейді Жанықұлов. 


Елімізде болған тәртіпсіздіктер кезінде ақтөбелік кәсіпкер жолда қалған 800 жолаушыны ыстық тамақпен қамтамасыз еткен


Кәсіпкердің айтуынша, оның бұл жұмысы жайлы сыныптастары білмеген. Себебі жұмыс таңғы сағат 5-те басталатын. Сабаққа дейін Жанықұлов ісін тындырып үлгеріп жүрген. 

Айта кетейік, Жұмабек Жанықұлов Қазақстанға мұнай-газ саласы бойынша сервистік қызмет көрсететін әлемдегі ірі компаниялардың бірі – Halliburton-ды алып келген. Айтуынша, компания оны 2011 жылы ресми түрде серіктес деп таныған. Қазақстанда 2014 жылы зауыт құрылысын бастап, 2015-те аяқтаған.

Жұмабек Жанықұлов 31 жасында Қазақстанға 30 миллион доллар инвестиция тартқанын айтты. Сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін елге 100 миллион доллардың үстінде инвестиция көзін жұмылдырған. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр