AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде болған тәртіпсіздіктер кезінде ақтөбелік кәсіпкер жолда қалған 800 жолаушыны ыстық тамақпен қамтамасыз еткен

Ел бойынша орын алған жаппай тәртіпсіздік Ақтөбе қаласын да айналып өтпеді. Аймақта қан төгіс болмағанмен, бүлік шығаруға әрекеттенгендер қала ішінде бой көрсетті. Бұзақылардың пойыздың жүретін жолына залал келтіруінің салдарынан Ақтөбе қаласында Маңғыстаудан келе жатқан "Каспий" пойызы аялдап қалған. Бұл пойыздағы 800-ге жуық жолаушы ойламаған жерден қаңтардың қақаған суығында жолда қалып қойған. Қиын-қыстау сәтте ақтөбелік кәсіпкер жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолынан келгенше көмектескен. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды. 

"5 қаңтар күні маңғыстаулық "Каспий" пойызы Ақтөбеде бір жарым күндей тоқтап тұрды. Қауіпсіздік үшін пойыздан жолаушылар сыртқа шығарылмады. Осы жағдайды естісімен, олардың жайын алаңдай бастадым. Қолдан келетін көмек – оларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету еді. Шұғыл түрде өзім басқаратын "Атамекен" мейрамханасының қызметкерлерін жинап, ыстық тамақ әзірлеуді тапсырдым. Сөйтіп, жолда қалған жолаушыларға жеткізіп бердік", – дейді Асқар Садықов. 

Бұған дейін де елімізде COVID-19 дерті өршіп, жан-жақтың барлығына блок бекеттер қойылғаны белгілі. Осындай  ел басына қиын-қыстау күн туғанда ауруханадағы дәрігерлерді, блок бекеттегі полиция қызметкерлерін, жалпы саны алты жарым мың адамды ыстық тамақпен қамтыпты. Асқар Аманбайұлы мұны өзінің азаматтық борышы санайды. 

"Ел ішіндегі орын алып жатқан кез келген жағдай әрбірімізді бейжай қалдырмауы керек. "Әр қазақ менің – жалғызым" демекші қай кезде де бір-бірімізге қолдау көрсетуге тиіспіз деп есептеймін. Жолда қалған бауырларымыздың жайын естіп тұрып, барып хал-ахуалын білмесек, онда біздің кім болғанымыз?!" – дейді ер азамат.

Ел ішінде жаппай тәртіпсіздік белең алған кезде басты бұғып, үйде отыру азамат атына сын екендігін тілге тиек етті кейіпкеріміз. 

"Мұндай жағдайда әрбіріміз қолымыздан келетін бір игі іс жасауға тырысуымыз керек. Жұмыла білсек қана кез келген қиындықты еңсере аламыз. Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік кезінде де елдің тыныштығын сақтап қалған еріктілер болды. Олардың бірлік танытқанының арқасында сауда орындарын тонауға, қан төгіске жол берілмеді", – дейді ақтөбелік азамат. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр