Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Теменов киноға дейін аула сыпырушы мен күзетші болып жұмыс істеген

Танымал режиссер Талғат Теменов өнерге келгенге дейін қандай жұмыстар істегенін айтты. Ол бір кездері аула сыпырып, күзетші болғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Театрдан кеткеннен кейін Мәскеуге бару үшін дайындалдым. Ол кезде орысша нашар жазатынмын. Диктант жазғанда қатемен отырдым. 
Қазіргі "орбита" жақта, бір мектепте аула сыпырушысы болдым. Консерваторияда оқып жүргенде, №105 мектепте 2,5 жыл күзетші болдым", – деп ағынан жарылды режиссер.

Теменов күзетшілігінің арқасында шығармашылыққа қадам басқанын айтады. Ол мектепті күзете отырып, қазақ әдебиетінің жауһар туындыларымен танысқан. 



"Әдебиеттің алтын қазықтарымен таныстым. Күзетіп отырып, поэзияны көп оқыдым. Поэзия сырласым болды. Қазақтың бетке ұстар қаймақтарымен сырлас болдым. Өзімді бақытты адаммын деп ойлаймын. Сондай ұлы тұлғалармен сырлас, аға-іні жолдас болдым", – деді Теменов.

Айта кетейік, осы сұхбатында Теменов "Ақан Сатаев фильмнің сценарийін орысша оқыған әйеліне жаздырып, рухани қылмыс жасады" деп айыптаған болатын.

Талқылау