Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC чемпиондығы мен Қазақстан туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу жеңімпазын жекпе-жекке шақырды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

шавкат

Америкалық Колби Ковингтон (17-3) Рахмоновқа тіл тигізіп, осыдан кейін қазақстандық спортшы бір жекпе-жектен кейін Ковингтонның сөзі өзгеретінін айтты. Рахмонов UFC чемпиондық белбеуі үшін күш сынаспақ.

Еске салсақ, америкалық файтерді егеуқұйрыққа теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіретінін айтқан еді.

"Нақұрыс егеуқұйрық" Рахмонов па? Ол туралы айтарға сөзім жоқ. Ол таза хайп қуалаушы, ол бұл дивизиондағы мықты жігіттермен жұдырықтасып көрмеді. Біз бұл жігіт туралы ештеңе білмейміз, сондықтан оған назар аударып та қажеті жоқ. Мен оны жеңуді мақсат тұтпаймын да”,  – деді спортшы.

Рахмонов оған қарсы жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

“Эдвардс па, Ковингтон ма, қайсысы жеңетінін білмеймін, бірақ чемпионның мүмкіндігі көбірек. Қалай болғанда да, мен олардың қай-қайсысымен күн сынасуға дайынмын", – деді файтер.

Ол Томпсонды мерзімінен бұрын жеңсе, титулдық бәсекеде Белал Мұхаммедті озатынына сенімді.

16 желтоқсаннан 17 желтоқсанға қараған түні Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 296 турнирінде өтеді.

Талқылау