Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейсмодайындық: 23 ақпанда Қазақстан қалаларында дабыл системалары қосылады

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 23 ақпанда қалада сейсмикалық жаттығу өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

Ақпаратқа қарағанда, 23 ақпанда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында сағат 10:00-де Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты - қала тұрғындарының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру екені айтылады. Осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мегаполис тұрғындары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері арасында ауқымды үгіт-насихат жұмысын бастағанын айтады.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қала ұйымдарында объектілік сейсмикалық жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлы түрде 500 оқу-жаттығулар өткізілді, оның 191 сейсмикалық дайындық болып табылады. Бұл жұмыстар жалғасуда", - дейді ол.

21 ақпаннан бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталды, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы хабарланатын облады.



Сейсмикалық жаттығулар өткізілетін күні сағат 10:00де сирена электр дабылдарын қосу арқылы, теле-, радиоарналарды автоматты түрде қамтуымен қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың жылдың суық мезгілінде өткізілуіне байланысты, ТЖД барлық ұйым басшыларын, қала тұрғындарынан жылы киініп эвакуациялануды сұрайды.

Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын белсенді қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады.

"Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулар ұлттық ғылыми орталығының болжамды комиссиясының мәліметтері бойынша қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан өткізілетін қалалық сейсмикалық жаттығулар жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжаммен  байланысты емес", - деп қорытындылады ТЖД.

Бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірген төтенше жағдайлар министрі "Ешкім 100% кепілдік бере алмайтынын” айтқан.

Талқылау