Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сеулде қаза тапқан қазақстандық студенттің денесін отанына жеткізу шығынын толықтай кәрістер жағы төлеген – ҚР СІМ

Корей тарапы Сеулдегі мереке кезіндегі қарбаластан қаза тапқан қазақстандық студенттің денесін отанына жеткізу үшін қажетті барлық шығынды өз мойнына алған. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мадина Шерниязова

"Бұл өте қайғылы оқиға. Сеулдегі біздің елшілік қолдан келгеннің бәрін жасады, келесі күні Кореяның Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізіліп, марқұмның денесін Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша барлық шығындарды кореялық тарап өз мойнына алатыны туралы келісімге келді", – деді Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, марқұмның денесі Алматыға 3 қарашада, одан 4 қарашада Ақтөбе қаласына жеткізілген.



"Кейбір ақпарат беттерінде жалған мәліметтер болды. Өкінішке орай, осы қайғылы оқиғадан пайда тауып қалғысы келгендер, әлеуметтік желілерде қаражат жинауды ұйымдастырған", –  деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Сеулдегі Хэллоуин кезінде Ақтөбе облысында туған 1996 жылғы Қазақстан азаматы да қаза болған еді.

Хэллоуинді тойлау Гамильтон қонақ үйі маңындағы тар көшелердің бірінде болған. Адамдардың сығылысып, бір-бірін таптап кетуіне не түрткі болғаны белгісіз. Кейбір ақпарат көздері мереке тойлаған топтың тар көшеге әлдебір танымал жұлдыздың соңынан еріп кіріп кеткенін жазады. Небәрі ені 4 метрді құрайтын көшеде бір уақытта шамамен 100 000 адам болған. 

Талқылау