Шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат талап етілуі мүмкін
Қазақстан шетелдіктердің кіру ережелерін өзгертуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі электронды кіру рұқсатын енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоба қазір қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Егер заң қабылданса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанға сапар шегер алдында арнайы электронды рұқсат алуы керек болады.

Ішкі істер министрлігі жаңа жүйе көші-қон ағындарын жақсы бақылауға, деректерді өңдеуді жеделдетуге және елге кіруді ашық етуге мүмкіндік береді деп санайды.
Сонымен қатар электронды рұқсат үшін ақы алынады, ал түскен қаражат цифрлық жүйені әзірлеуге және жеке деректерді қорғауға жұмсалады. Жаңа жүйені кезең-кезеңімен, 2026 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін іске қосу жоспарланып жатыр.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді