"Сенсіз 90 күнім өтті": Марқұм ұлын еске алған Ердос Қанаев елді жылатты

Әнші Ердос Қанаев марқұм болған тұңғышын сағынышпен еске алды. Желі қолданушылары басу айтты. Әнші ұлын жер қойнына тапсырғанына үш айдың жүзі болған. 

"Мені бақытқа бөлеп, әке екенімді алғаш сездірген ұлыммен қоштасқалы 90 күн өте шығыпты. Балапаным өзіңді көрмегеніме 90 күн болды. Мен үшін әрдайым орның бөлек. Әрдайым жадымдасың, жүрегімдесің. Алла ең мейірімді. Бұл өмірде көп қиналған едің. Енді Алла қаласа жаның жанатта болады. Сондықтан енді жыламайсың. Сенің орның әлемді толтыруға жететін алтынмен бірдей. Сені сағындым. Қатты сағындым", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Оған актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей көңіл айтып,сабырлыққа шақырды. 

"Жаны жанатта болғай періштенің. Алланың берген басыңа сынағын абыроймен көтердің, Алла тағала абыройыңды сқақтатсын", - деп жазды ол.

"Алла өзі жарылқасын. Қалған балапандарыңыз аман болсын, жер бетінде еш бала ауырмаса екен, еш ата-ана жыламаса екен", "Көзіме еріксіз жас келді. Атам деп жылатсанда ботам деп жылатпа деген", "Ереке қайғыңа ортақпын, сағың сынбасын шапағатшыл болсын", "Қайғыңызға ортақпыз. Иманы жолдас болсын, жаны жаннатта болсын, періште ғой", - деп жазды желі қолданушылары. 

Бұған дейін Ердос Қанаев алғаш рет 9 жыл жасырған ұлына қатысты құпиясымен бөліскені айтылған еді. Ал, осыдан 3 ай бұрын әнші ұлымен мәңгілікке қоштасты.


Тағы оқыңыз:

Ердос Қанаев: Әйелімді шетелге апарып көрмедім, оған Меккені көрсету — арманым


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр