Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ердос Қанаев: Әйелімді шетелге апарып көрмедім, оған Меккені көрсету — арманым

Танымал әнші Ердос Қанаев отасқан 10 жыл ішінде әйелін шетелге апарып көрмегенін айтты. Өзі де өз мемлекетке баруға аса әуес емес екен. Десе де, ол биыл отасқадарына 10 жыл толуына орай әйелін қасиетті Меккеге апаруды армандайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Той жыры» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ердос Қанаев

«Ризықты табушы біз болғаннан кейін жаңағындай гәстрөлдік сапарда, ана жақта-мына жақта, күнде тойда жүргеннен кейін бұл кісінің іші пысады. Бір шетінен үлкен ұлымыз анандай жағдайда болғаннан кейін 24 сағат сол кісінің қасында отырады. Ана нәрсені көре бергеннен кейін бұл кісінің жүрегі ауырады. Жалпы әйел адам көп нәрсеге сезімтал болып келеді. Кейде жақын араласатын достарымның тойна апарып тұрамын. Бірге барып көңіл көтеріп, той көрсін дегендей. «Жоқ, ешкіммен араласпайсың. Теледидар мен инстаграмды өшіріп таста. Тек төрт қабырғаның ішінде қамалып отыруың керек» деген заң жоқ. Бұл – адам баласы, өзінің туған-туыстары бар. Достарының тойына апарып, көңілін көтеріп тұрамын», - деді Ердос Қанаев. 

Әншінің келіншегі Айдана Мейірбекова өз кезегінде күндіз-түні тігін машинасы туралы ойлайтынын жеткізді. Болашақта тігін кәсібін ашуды армандап жүр екен. 

«Жалпы қазір төрт баланың айналасынан шыға алмай қалдым. Сол төртеуінің тамағы, балабақшасы, қажеттіліктері, киімдері – уақыттың барлығы осыларға кетіп жатыр», - деді ол. 

Ердос Қанаев өз кезегінде көп уақытын түзде өткізетіндіктен, бар ауыртпалық әйеліне түсетінін жасырмады. Алыста жүрсе де, әрдайым тұңғышын ойлап, соның жанынан шыға алмайтынын да жасырмады. Ал әйел кейде қарапайым пакет көтеруге шамасы жетпей қалатыны бөлісті. Мұндайда күйеуі көмектеседі екен. Осы орайда, әнші оған 10 жылдық мерейтойларын ерекше етіп атап өтуге уәдесін берді. 

«Өзіміз отбасымызбен үйде кішігірім атап өтеміз. Өйткені қазіргі таңда 10 жылдың өзі үлкен жеңіс. Осы отасқан 10 жылда шетелге көп апарып көрмеппін. Құдай қаласа, үлкен бір арманым – әйелімді қажылыққа апарып, Алланың ғұсылын жасап келсін деген ой. Шетелде осылайша бір демалдырып келсем деген ой бар», - деді Ердос Қанаев. 

Естеріңізге сала кетсек, әнші жуырда ғана тұңғышына қатысты құпиясын ашқан еді

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Өлтіріп жіберуі мүмкін: Аспириннің балаларға аса қауіпті екені айтылды

Бұған қоса, аспирин мастықты қайтарады деген аңыз жоққа шығарылды

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Туыстары марқұм туралы айтып берді

Марқұм таяуда ғана 30 жасқа толған екен

Әлемдегі шіріген бай тұрғындары бар мемлекеттер қайсы

Рейтингтегі екінші орынды АҚШ иеленіп, оның ізін Жапония жалғады

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Тоқаев рахымшылық жасаған: "Қорғас ісі" бойынша сотталған Артықбаев пен Жақаев бостандыққа шықты

Сот олардың өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін айыппұл жазасына ауыстырды

"Екі рет қытайларға": Қазақ келіншек үй алу үшін суррогат ана болып жүргенін айтты

Әлия Құрманәлиева: Бұл жерде жаман ешнәрсе көріп тұрған жоқпын

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады
Çàãðóçêà...