Семейде жолаушы 3 млн теңгесі бар сөмкесін автобуста ұмытып кетті
Семейде жергілікті тұрғын автобусқа үш миллион теңгесі бар рюкзакты тастап кетті.

38 жастағы келіншек бұл туралы 102 арнада хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қала тұрғыны Водный кентіндегі аялдамадан түскенін, автобус қалашыққа қарай кетіп бара жатқанын айтып, шағын автобусты тоқтатуды сұрады», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кезекші жедел топ бақылау камераларының көмегімен автобустың орналасқан жерін анықтап, оған жақын жердегі патрульдерді жіберді. Аялдамада қоғамдық көлік тоқтатылды.
Полицейлер автобустан қара рюкзакты тауып алып, оны бірден жәбірленушіге қайтарып берді. Автобус қаланың шеткі бөлігінен орталыққа қарай жүрсе де, сөмкеге ешкім тиіспеген екен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"