Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жоғалып кеткен оқушы бір тәуліктен кейін аман-есен табылды

Абай облысы полиция департаменті Семейде бүкіл қала бір тәуліктен астам іздеген бала табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Абай облысы ПД

Полиция департаментінің дерегінше, 19 шілдеде із-түссіз жоғалған үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер, еріктілер мен қала тұрғындары іздестірді.

"Іздестіру жұмыстары қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары Восточный кентінің ауданында мектеп оқушысын тапты", –деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, сұхбат алды. Психологтың қарауынан өткен бала ата-анасына тапсырылды.



Еске салайық, бұған дейін 9 жасар бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткенін жазған едік. Абай облысы полиция департаменті жоғалғанына біраз уақыт болған баланы табуға ат салысуды сұрады. Жоғалған баланың аты-жөні Маненов Әлинұр Ерланұлы, туған жылы: 2015 жылдың 26 шілдесі.

Талқылау