Семейде 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті
Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған бала іздестіріліп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Абай облысы полиция департаменті
Абай облысы полиция департаменті жоғалғанына біраз уақыт болған баланы табуға ат салысуды сұрайды.
Жоғалған баланың аты-жөні Маненов Әлинұр Ерланұлы, туған жылы: 2015 жылдың 26 шілдесі.
Полицияның мәліметінше, Әлинұр 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шығып, содан кері оралмаған.
Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.
Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.
Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"