Балқашта демалыс аймағында жоғалып кеткен төрт жасар бала адасып 6 шақырым жол жүрген
Балқаштағы демалыс аймағында ересектердің қарауынсыз қалған төрт жасар бала жоғалып кетті. Ол 6 шақырым жолды жалғыз жүріп өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay
Оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі хабарлады.
"Сарқан ауданында Балқаш көлінде 2020 жылы туған бала демалыс аймағын өз бетінше тастап, адасып кетті. Бала демалыс аймағынан 6 шақырым қашықтықта көл жағасынан табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болмады", – деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство мамандары тағы да судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Құрылтайдың жаңа құрамына кімдер кірді: Ең жас және ең жасы үлкен депутаттар
Кемінде 28 адамның бұған дейін Парламентте тәжірибесі болғаны байқалады
Бес жыл бұрын облыс әкімінің қолынан баспана кілтін алған қазақстандық параспортшы пәтерін жалдап тұрып жатыр
Спортшы пәтерді пайдаланғаны үшін ай сайын 14 348 теңге төлейді