Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде мектепте 6-сынып оқушысын алабай талады

Семейдегі мектептердің бірінде сабаққа келген оқушыларды алабай талай жаздады. Мектепке жол тартқан оқушы қыздардың алдарынан шыққан төбет оларды қуа жөнеледі. Иттен қорыққан оқушылар жан-жаққа қашады. Бірақ алтыншы сыныптың оқушысын соңынан қуып жеткен ит оны құлатып, киімінен әрлі-берлі жұлқылай жөнеледі. Бірнеше минут бойы алабайдан құтылмақ болып арпалысқан қызды маңайдағы өзге оқушылар әрең арашалап қалған. Бұл турыла Stan.kz ақпарат агенттігі Иформбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Оқиға есіктің алдындағы бейнекамераға түсіп қалған.

Қыздың анасы Айнагүл Құндақова оқиғаны камерадан көрген соң қатты шошынғанын айтады.

“Әкесімен бірге бардық, камераны көрейік дедік. Ал камераны көргеннен кейін, менің өзім де шошыдым. Анау күшік емес, үлкен ит, Алабай!  Баланың үстіне тура мініп алған. Сонда ешкім жоқ па? Завучь қайда, охранасы қайда мына жердің?”, – дейді әйел. 

Шошынған қыздың анасының айтуынша, мектептегілер оларға болған жайтты тек бір сағаттан кейін хабарлаған. Және осы уақыт аралығында жедел жәрдем шақырмаған, не қызды психологқа көрсетпеген дейді. Ал бұл мектептің түскі ауысымында Құндақовтар отбасының егіз қызы бірге оқиды. Оқиға болған күні қыздарды әкесі мектептің алдына көлігімен әкеліп, өз шаруаларымен кеткен. Сабаққа асыққан оқушылардың соңына алабай түскен. Ал мектеп басшылығы шошынған қызды бірден дәрігерге көрсеткенін айтады. Ал төбеттің білім ошағына балалардың бірімен ілесіп келді деген болжам бар.


"Бала-шағаңмен қосып өртеймін": Түркістан облысындағы мектепте директор орынбасары мен мұғалім жаға жыртысты (видео) 


Семей қаласы №44 жалпы орта білім беретін мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Оразбай Жұмағалиев иттің қызды тістемегенін айтқан.
“Тістеген жоқ. Тістің ізі жоқ. Бәрін медсестрамыз қарап анықтаған болатын. Әкесі келген уақытта, сағат бестен кейін келді. Өзі қараған болатын. Кіргізіп бірге қарады екінші рет тексерді. Ол кезде де күшіктің тіс ізі жоқ”, – дейді ол.

Талқылау