Абай облысында жасөспірім трактордың шөп орау прессінің арасына қысылып, қаза тапты
Абай облысында 17 жастағы жасөспірім шөп жинап жүріп, тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында қысылып қалып, қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Деректерге сай қайғылы оқиға 14 сәуірде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде болған. Мұнда жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинауға шыққан.
“Жұмыс барысында ол трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімі ілініп, қысылып қалған. Нәтижесінде 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан көз жұмды”,- делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті