Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Жанпейісова шәкірті Айгүл Қосановамен не үшін соттасқанын айтты

Сәуле Жанпейісова шәкірті, әрі әріптесі, дәстүрлі әнші Айгүл Қосановамен не үшін соттасқанын айтты. Режиссер Талғат Теменовпен арадағы жандалдың неден басталғанын түсіндірді.

Бұл туралы “Менің өмірім“ бағдарламасында айтылды. 

Әнші Сәуле Жанпейісова шәкірті Айгүл Қосановамен арадағы даулы жанжалды түсіндірді. 

“Қазақфильм” "Менің кінәлі періштем" атты фильм түсірген еді. Фильмнің режиссері Талғат Теменов. Осы фильмде Айгүл Қосанова менің әнімді қазақша шырқайды. Менің әнімнің оранжровкасын алған. Ол тәжіктің “Сарбон” атты әні. Оны мен оранжировка жасатып, парсы тілінде шырқағанмын. Бірақ менен рұқсат сұраған жоқ, ескерткен жоқ. Бір ауыз айтқан жоқ. Кейін бұл туралы айтқанда шәкіртім “Алуға болмай ма?” деді. Бұл жайлы журналистер жазды. Талғат Теменов мен туралы журналистерге сұхбат берген екен. “Сәуле Жанпейісова авторлық құқық туралы біле ме өзі? Ол кім? Оның әнге еш қатысы жоқ” депті. “Қазақфильмге” жүгіндім. Одан жауап болмаған соң сотқа жүгіндім. Сотқа Талғат Теменов келген жоқ. Айгүл ғана келді. Ол бұл әннің менікі екенін білмегенін айтып ақталды. Бірақ білмеуі мүмкін емес еді. Мен әнге қарап қалған жоқпын. Жай ғана жағдайды айтса, түсіндірсе не кешірім сұраса, жылы жаба салар едім”, – деді Жанпейісова.


Сәуле Жанпейісова: Күйеуім өнеріме сырттай ғашық болып үйленді, бірақ қызғаншақ болғандықтан ажырасып кеттік


Айтуынша, Жанпейісова бір кездері Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық филармониясының директоры болды. Алайда осы облыстың сол кездегі Кәрім Көкірекбаевқа өкпесі бар.

“Мен Таразға басшылық қызметке бардым. Еңбек демалысын алып, Алматыға аттанғанда менің орныма жаңа басшы келіпті. Ол бұрынғы басшы. Сот арқылы кінәсіздігін дәлелдеп, өз орнына келген. Сол кездегі әкім Көкірекбаев сот шешіміне ешнәрсе істей алмаймын депп бұрынғы орнына жіберген. Маған бір ауыз ескерткен де жоқ. Жөнін айтқан жоқ. Мен ауруханада жатқан едім. Шок алып қалдым. Мен жұмыссыз қалғаным үшін емес, жай ғана бір ауыз сөз үшін ренжідім. Мен де арыз жаздым. Қалалық, облыстық, жоғарғы сотқа жүгіндім. Бәрінің айтар жауабы бір болды. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық, сот жүйесінің ластығын көзіммен көрдім”, – деді әнші.  

Талқылау