Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда және интеграция министрі: Қазақстандық тұтынушылардың тауарларға әлі көңілі толмайды

2020 жылы қазақстандықтар тауарларды сатып алуға 6,8 трлн теңге жұмсаған. Бұл турлы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұлтанов бүгінде Қазақстандағы тұтынушылар саны күн сайын 6 миллионнан астам тауарлар мен қызметтерді сатып алатын 18,7 миллион адамды құрайды деп мәлімдеді.

"Осы жылы қазақстандық тұтынушылар бөлшек сауда желісі арқылы 6,8 трлн теңгеге тауарлар, ал 4 трлн теңгеге қызметтерді сатып алды", - деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сауда-саттықтың басым бөлігі тамақ өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тұрмыстық заттарға, жылжымалы және қозғалмайтын мүлікпен операцияларға, рекреациялық қызметтерге жасалады.

Алайда, тұтынушы тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдар көлемі жоғары. 

"2017 жылы мемлекеттік органдарға 23 мың өтініш, 2018 жылы 21 мыңнан астам, ал 2019 жылы 30 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Биыл тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 8 мыңға жуық өтініш қабылдады", - деп қосты ол.

Еске салсақ, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде астық сапасының жақсарғаны туралы айтқан болатын.

Талқылау