Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сауда үйлері, жабық базарлар": Қазақстанда кейбір мекемелер демалыс күндері жұмыс істейтін болды

Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жанданданатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын сауық орталығы, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма беріп, шешім шығарды. 

Дегенмен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылатыны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау