Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады
Қазақстанда кинотеатрлар қалыпты режимде жұмысын бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР премьер-министрі Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Тапсырмалардың қатарында кинотеатрлардың барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатыны туралы айтылған.
Ағымдағы жылдың 26 қазанында арақашықтық пен маска режимін сақтай отырып, 30% -дан аспайтын сыйымдылықпен жұмысын жалғастырады.
Алайда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.
Еске салсақ, осыған дейін мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова кинтеатрлар жақын арада ашылмайтынын жеткізген.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?