Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кинотеатрлар ашылмайды: Мәдениет министрі мәселенің нүктесін қойды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елдегі кинотеатрлардың ашулына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңдағы еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кинотеатрлардың ашылуына мүмкіндік бермейді. Жағдай тұрақсыз болғандықтан, бас санитарлық дәрігер кинотеатрларды ашу ерте деп отыр.    

"Біз кинотеатрлардың ашылу алгоритмін толығымен қарастырған болатынбыз. Олар жұмыс жасауға дайын еді. Бірақ өкінішке орай, барлық сақтық шараларын сақтаған күннің өзінде бұл қауіпті. Елдегі эпиджағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрі мен бас санитарлық дәрігер кинотеатрларды ашу ерте екенін айтады. Сондықтан, біз қазір эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып, кинотеатрлардың ашылуын күтеміз. Бүкіл әлеме осы жағдай орын алып отыр", - дейді Райымқұлова. 

Еске салсақ, Қазақстанда кинотеатрлар ашылуы мүмкін екені туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берген болатын.

Талқылау