Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сауапты іске атсалыссақ": Ғаділбек Жанай концерттен түскен қаржысын медресе салуға жұмсады

Ғаділбек Жанай концерттен түскен қаржысын медресе салуға жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aktobenews сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе өңірінде ерекше концерт берген өнер иесі билеттен түскен қаражатты қайырымдылық жасап, медресе құрлысына аударған. «Батыс 2» ауданында салынып жатқа медресеге өзінің үлесін қосып, маңдай терімен тапқан қаражатын аударған Ғаділбек Жанай жұртты тәнті етті. Әншінің айтуынша, бұл көптен бері ойда жүрген ісі екен. Кеш басталмас бұрын, әнші мән-жайды көрермендерге де түсіндірген.

"Бір жыл бұрын бауырларымызбен ақылдасып үлкен істі қолға алдық. Әрбір амалдар ниетке байланысты. Ақтөбе қаласында "Алла" деген жазуы бар медресе салынып жатыр. Сіздер жай концертке келген жоқсыздар, тікелей сол медресенің құрылысына атсалысып жатырсыздар. Билеттеріңіздің қаржысы түгелімен сол жаққа кетейін деп жатыр. Сауапты іске атсалыссақ жан-жағымызға алаңдаудың қажеті жоқ. Басымыз бір болу керек. Рухани жағынан да, өнер жағынан да дами берейік. Ақтөбе қаласы бір мәдени және рухани орталық болатынына сенемін", — деді Ғаділбек Жанай.

Жанды дауыста ән салып, халыққа керемет көңіл-күй сыйлады өнер иесі. Қайырымдылық жасаған Ғаділбек Жанайды медресе басшылығы марапаттап, алғысын жеткізген. Өнер иесіне қала халқы дән риза.
 

Талқылау