Түнгі уақытта ішімдіктің сатылуын тоқтатуды сұраған үш тілшінің тағы бірі қамауға алынды
Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарынан сұхбат аламын деп басы дауға қалған үш тілшінің тағы бірі қамауға алынды. Қалада түнгі уақытта алкогольді ішімдіктің сатылуын тоқтатуды сұрап барған журналистер шенеуніктің әрекетінен қымбат камераларынан айырылып қала жаздаған еді.
Дегенмен сот алқасы үш журналисті кінәлі деп тауып, бес күнге қамауға алды, деп хабарлайды 31 арна.
Сәтбаев қаласы орынбасарының кабинетінің алдында жаға жыртысты деген журналистерге ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды. Ақпарат агенттігінің тілшісі Андрей Сухановқа қатысты үкім түнде шығарылды. Сот оны қала әкімінің орынбасарына алдын ала жазылмай кезексіз кірді деп айыптаған. Ол аздай әкім орынбасарын заңсыз камераға түсірді деген.
Андрей Суханов осыдан 4 жыл бұрын Әлеуметтік қорғау және еңбек министрі Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырып, жеті күн абақтыға қамалған болатын. Қазір ол Жезқазған қаласы ІІБ-ның арнайы абақтысында отыр.
Тағы да оқыңыз:
12 жастағы Жәнелдің анасы отаға жиналған ақшаны неліктен қайтармай жүргенін айтты
Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек
Синоптиктер үш облыстың тұрғындарына дабылды ескерту жариялады