"Жаңаөзен оқиғасынан сабақ алмаған": Сарапшы Жаңаөзендегі толқулардың негізгі себебін атады
Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов Жаңаөзендегі толқулардың негізгі себебін атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап.
Рысмамбетовтің сөзінше, мемлекет аймақта жұмыс істейтін адамдарға тиісті жағдай жасамаған.
"Облыс кедей, мұнай қоры мен көші-қон легін басқара алмау. Меніңше, мемлекет Жаңаөзендегі халық санының өсімін бақылаудан шығарып алды. Екіншіден, сол жақта жұмыс істейтін адамдарға тиісті жағдай жасамаған. Үшіншіден, мұнайшылар мен аймақтық билік арасында коммуникация жоқ", – деді Рысмамбетов.
Қаржыгердің айтуынша, жағдай әлі ушығады, себебі азық-түліктің барлығы шеттен келеді әрі ауыз су мәселесі де туындаған.
Астанада митинг өткізген мұнайшылардың көшбасшылары видео жариялап, халықтан тарауды сұрады
"Адамдар мұнай кеніштерінде жұмыс істегісі келеді, себебі ол жақта жалақы жоғары. Келесі сұрақ, неліктен басқа салаларды дамытпайды? Неліктен миграцияны бақылаудан шығарып алды? Адамдар барса, ол жақта бір нәрсеге үміттенеді. Ал мемлекет Жаңаөзен оқиғасынан сабақ алмаған, адамдарды көшіріп, басқа жерден жұмыс ұсынбады. Ең жағымсызы, ол жердегі мұнай кеніштерінің көпшілігі шығар шыңына щыққан", – деп қосты маман.
Еске салайық, 11 ақпанда Астанада наразылық білдірген мұнайшылар ұсталған соң Жаңаөзенде халық әкімдік алдына жиналып, жерлестерін босатуды талап еткен.