Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғысқұмарлар": Саран қаласында белгісіз біреулер саябақтағы ескі танкке "Z" таңбасын салып кеткен

Қарағанды облыс аумағына кіретін Саран қаласында белгісіз біреулер саябақта тұрған ескі танк көлігіне “Z” таңбасын салып кеткен. Желіде тараған суреттер халықтың талқысына түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саран танк 2022

Фотосуреттерді алғаш болып Айсұлтан Жақыпов есімді желі қолданушысы жариялады. Ол Саранда "соғысқұмар, сатқын жандар қыбырлай бастағанын" жазады.

"Мынау бүгін түсірілген фото. Маңайдағы камералар "істемей" қалуы да мүмкін. Ондай жағдайда қазақтан кешірімді кім сұрайды? Саран қаласының әкімі сұрайтын шығар. Менің ұсынысым мына бұзақыны табу әрі заң тұрғысынан жазалау, реті келсе көзін мөлитіп соттау", – дейді Жақыпов Facebook-тегі парақшасында.

Желі қолданушысы сонымен қоса соғысты еске салатын, насихаттайтын танк, тағы да басқа ескерткіштерді еліміздің барлық саябағынан алып тастауды ұсынады.



"Біздің облыста менің білетінім — Балқашта, осы Саранда бар", – дейді ол.

Жазба астында жазылған пікірлердің көбі бұл әрекетке барған адамдарды сынайды.

"Бұл адамдар сонда соғыстың қасірет екенін түсінбей ме?", "Жазалансын!", "Іштен шыққан жау жаман" деп жазған оқырмандар.

Бұл оқиғаға қатысты Саран қаласының әкімдігі пікір білдірді. Әкімдік өз мәлімдесінде жазулар боялып, қалпына келтірілгенін айтқан. Полиция тергеумен айналысып жатыр деген әкімдік қырағылығы үшін жергілікті тұрғындарға алғыс айтуды да естен шығармаған.

Айта кетейік, Украинаға басып кірген орыс әскерлері өз әскери техникаларында "Z" және "V" таңбаларын пайдаланады.

Саран танк 202222ССаран қаласы әкімдігі ұсынған сурет

Талқылау