AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғысты насихаттау": Marwin – "Меломан" дүкендерінің қазақстандық желісі "Z" символы үшін сынға қалды

Ойыншықтар, кітаптар және мультимедиялық өнімдер дүкендерінің Қазақстандағы желісі Marwin - "Меломан" Z символына байланысты сынға қалды. Қазақстандықтар аталған дүкенді соғысты насихаттады деп айыптап, жұмысына бойкот жариялауды ұсынуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Меломан з

"Бұл Алматыдағы "Меломан" дүкені, Гоголь көшесінің бойында орналасқан бөлімшесі дейді. Көріп тұрғандарыңыздай "Z" белгісін бадырайтып, ерекше етіп жазыпты. Бұл белгіні өздері қалай түсіндірер екен?!" - дейді желі қолданушыларының бірі Асхат Қасенғали.

Тарихшы Айнаш Керней бұл соғысты насихаттау екенін айтып, дүкен жұмысына бойкот жариялау қажет екенін айтады.



"Соғысқа үгіттеуге жол жоқ! Балалар (!) тауарлар дүкені Marwin (Meloman) соғысты насихаттап отыр. Қазақстанда соғысты насихаттауға тыйым салынғанын ешкім ұмытпауы керек", - дейді белгілі блогер-тарихшы Айнаш Керней.

Өз сөздерінің дәлелі үшін олар киімдеріндегі "Ревизор" сөзіндегі "З" әрпін "Z" белгісімен ауыстырылған дүкен қызметкерлерінің фотосуреттерін қоса жариялаған.

Айта кетейік, Украинаға басып кірген орыс әскерлері өз әскери техникаларында "Z" және "V" таңбаларын пайдаланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр