Қазақстандық кәсіпкер Z белгісі бар футболка киген ресейлік туристерге шағымданды
Кәсіпкер Нұрлан А. елорданың "Әзірет Сұлтан" мешітіне экскурсияға келген ресейлік туристердің қылығына шамданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Осторожно, новости" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мешіттен шыққан соң, туристер асханаға барып тамақтанған. Онда келушілер бір туристтің үстінен Z әрпі салынған футболканы байқап, суретке түсіре бастаған. Әлгі ер адам бетін жабуға тырысқан. Бұл оқиғадан кейін ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер полицияға шағым түсірді. Арыз экстремизмге қарсы күрес бөліміне түскен.
Нұрланның пікірінше, мұндай киім киген ресейліктер "зорлық-зомбылықты, бейбіт адамдардың өлімін" қолдайды.
"Терроризмнің мұндай насихатын түбірімен жоймаса, ертең олар өз форумдарында: "Қазақстанға барып келдік, бір апта бойы Z символымен жүрдік, ешкім дыбыс та шығарған жоқ", - деп жазады кәсіпкер.
Бизнесменнің таныстары мен желі қолданушылары оны қолдады. Көпшілік мұндай адамдарды елден шығару керектігін алға тартты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды