Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соғысты насихаттаушылар": Танымал дүкендер желісі қазақстандықтардың сынына жауап берді

Ойыншықтар, кітаптар және мультимедиялық өнімдер сататын “Marwin - "Меломан" дүкені  қызметкерлерінің формаларында Z белгісінің болуына байланысты қазақстандықтардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Меломан з

Айта кетсек, әлеуметтік желіде қазақстандықтар “Marwin - "Меломан" дүкендер желісін қызметкерлерінің формасында Z символының болуына байланысты сынға алған болатын. Қазақстандықтар аталған дүкенді соғысты насихаттады деп айыптап, жұмысына бойкот жариялауды ұсынған. 

Өз сөздерінің дәлелі үшін олар киімдеріндегі "Ревизор" сөзіндегі "З" әрпін "Z" белгісімен ауыстырылған дүкен қызметкерлерінің фотосуреттерін қоса жариялаған.

Осы жағдайға байланысты “Marwin - "Меломан" дүкенінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Камила Исмаилова жауап берді. Оның айтуынша, форма 2019 жылы дүкендер ішінде жұмыс істейтін тауарды тексеретін ревизорлар үшін жасалған.

“Біз негізі ойын ретінде ревизорды фильмдегі Zorro деген кейіпкер секілді көрсеткіміз келген. Мұндай қызметкерлер саны аз болғандықтан, Z әрпіне қатысты қоғамдық көзқарастың өзгергеніне мән бермедік. Ревизорлық қызметте істейтін 10 адам бүгін формаларын ауыстырды. Біз бұл қызметкерлер үшін басқа жаңа форма дайындайтын боламыз. Келушілерімізге форманы ауыстыру қажеттілігіне назар аудартып, жұмысымызды одан сайын жақсартуға көмектескені үшін алғыс айтамыз”, – дейді Камила Исмаилова. 

Айта кетейік, Украинаға басып кірген орыс әскерлері өз әскери техникаларында "Z" және "V" таңбаларын пайдаланады.

Талқылау