Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Амангелді: Өмір кітабымның бір парағын жыртып-жыртып лақтырып тастадым

Актриса, әнші, "Кешью" тобының бұрынғы солисі Сара Амангелді желіде мұңды жазба жариялады. Әнші өткен өміріне қайта оралмайтынын айтты. 

"Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады. Алла адамды өлсін деп жаратпайды. Ұзақ уақыт түнеріп жүре алмайды екенмін. Қайтейін, жақсы адам боп тұрмын ғой, Алла сақтайды мені. Позитив толқынына өтейікші, жақында бір күшті жаңалық болады шығармашылығымда. Парақшамда негатив тұрғанын қаламаймын, өмір кітабымның бір парағын жыртып, мыжып-мыжып лақтырып тастадым", - деп жазды әнші.

Бұған дейін әнші сүйіктісімен түскен суреті үшін басы дауға қалды. Айта кетейік, бұған дейін елордалық Құралай Бияхметтің жазбасы желіде тарап кетті. Онда актриса Сара Амангелді мен бұрынғы өзінің жолдасымен көңіл қосқаны айтылады. Алайда жақын күндері Құралай Бияхмет актрисаның өзі мен бұрынғы жұбайының ара қатынасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. 

Желі қолданушылары актрисаға жұбату айтып, тілектестік білдіріп жатыр.

"Қызым-ау, бұл өмір тек қызықтан тұрмайды және тақтайдай түзу емес!!! Елдің алдында жүрген адамға сөз көп", "Қыз баланың басына не кеп не кетпейді қазір", "Бізді Сізді жақсы көреміз. Ажыраспаған қазақтың мықты бір жігітіне тұрмысқа шығыңызшы", "Жаным, айтқан адам айта берсін. Тек қна алға", "Жақсы жігіт кездеседі" - деп жазды желі қолданушылары. 


Талқылау