Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сапалы өнімдер байларға ғана қолжетімді": Желі қолданушысы супермаркетте сатылатын "пластик" тағамдарға шағымын білдірді (видео)

Америкалықтар супермаркетте сатылатын пластик тағамға шағымын білдірді. Азық-түлік өнімдеріне қатысты түсірілген видео желіде тарады. Кадрлардан тағамның "пластик" екенін анық аңғаруға болады. Себебі ол сынбайды, тек созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Пайдаланушылар желіде тараған видеода ақсерке балығы, авокадо және қарбызды көрсетеді. Бірдей бөліктерге кесілген авокадо табиғи өнімге мүлдем ұқсамайды.

Қолданушылардың бірі қарбызды қолмен бөлуге тырысып, майыстырып көрді. Алайда еш нәтиже шықпады. Видео авторы мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтты. Видео авторлары таңданысын білдіріп, “кейінгі уақытта азық-түлік өнімдеріне не болып жатыр?” деп түсінбеді. 

Ал бұған қатысты желі қолданушыларының көзқарасы екіге бөлінді. Бірі мұны қоғамға жасалатын қастандық десе, енді бірі басқаларына ұқсас қалыпты өнімдер деп бағалады. Айтуларынша, балық мұздатқышта ұзақ уақыт тұрған соң осындай күйге түскен. Алайда видео авторы мұздатқышта тұратын тағамдар ешқашан мұндай күйге түспейтінін жеткізді. 

Кей желі қолданушылары піспеген көкөністер мен жемістер "иілгіш" келуі мүмкін екенін түсіндірді. Алайда олардың теориясын басқа пайдаланушылар жоққа шығарып, қатты жеміс бұлай оңай иілмейтінін айтты. 

"Меніңше, жемістер 3D принтерде басып шығарылған", "Меніңше жемістер жалған. Видео авторы бізге пранк жасағысы келіп отыр”, "Жақсы, сапалы тағамдарға тек байлардың қолы жетеді. Біздің ақшамыз жоқ болған соң осындай заттарды жеп, уланамыз", "Америкада өмір сүрмеген соң сізге мұндай тағамдарды түсіну қиын. Біздегі сапалы өнімдер тек байларға ғана қолжетімді", – деп жазды олар.

Талқылау