Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогінде" қарсыласын оңай ұтты    

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогіндегі" алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

www.instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Кіші әлем чемпионатына теңелетін Болгариядағы турнирде Санжар Тәшкенбай қырғызстандық Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен ұтты. Алғашқы раундтан бастап басымдыққа ие болған боксшымыз қарсыласынан бір бас жоғары екенін көрсетті.

51 келіде өнері сынға түскен спортшы екінші айналымда маңғолиялық Ган-Ерден Ганхпен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бұған дейін 6 боксшымыз Болгариядағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өткен еді.

Талқылау