Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рушылдық, жершілдік белең алады": Тоқаев аймақтарда орнатылып жатқан ескерткіштерге қатысты пікір білдірді

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Өз сөзінде Тоқаев елде орнатылып жатқан ескерткіштер туралы пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Президент белгілі аймақта ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнатудың сәнге айналғанын мәлімдеді. Сонымен қатар өмірбаяндардың ойдан құрастырылатынын айтты. 

“Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. 

Кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді. Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр", – деді ол. 

Талқылау