"Саналы адам мұндайға қатыспайды": Жоланова вайнерлердің қаржылық пирамиданы жарнамалауына қатысты
Гүлназ Жоланова блогерлердің қаржылық пирамиданы жарнамалауына қатысты пікір білдірді. Актрисаның айтуынша, саналы адам мұндай қадамға бармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Айта кетейік, бұған дейін үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты пікір білдірген Мейіржан Төребаев өзінің кінәсі жоқ екенін және пирамидадан жапа шеккенін мәлімдеген. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Ал Мейіржан Төребаев елде болып жатқан оқиғалардан халықтың назарын бұру үшін вайнерлерге қарсы қасақана ақпараттық буллинг жасалып жатқанын мәлімдеді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?