Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самаурынға махаббатым бесінші сыныпта басталды": Тамара Асар бала кездегі қызық оқиғасын бөлісті

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар бала кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өне иесінің сүйікті ісі – самаурын жинау. 

“Бала кезімде өнер байқауларына көп қатыстым. Сондай бір кездері ән байқаудан орын алғанда қомақты сыйлыққа ие болдым. Бізді жүлдеге ілінсең ақша береді деп қатыстыра беретін. Ақша ұтып алайын деп қатыссам керек, көркем сөз оқу, ән, би түрлі байқауда бақ сынадым. 5-сынып оқитын кезімде сондай бір байқаудан жеңіп шыққанда маған ақша емес, самаурын берді. Көңілім су сепкендей басылды. Үйге жеткенше самаурынға қарап келдім. Бір кезде әкеме келіп, “Байқаудан орын алдым, бірақ ақша берген жоқ, самаурын берді” деп ренжідім. Сол кезде әкемнің айтқан сөзі әлі есімде. “Енді сен елге танымал бағы жанған өнер адамы боласың. Берекең мен ырыс-несібең асып тасады” деді. Сол әкемнің тілегі қабыл болды. Баласының жолын ашып берді”, – деп еске алды әнші. 

Әншінің айтуынша, жастық шағында жол апатына түсіп, денсаулығымен арпалысып жатқанда да самаурыннан шай ішкен көрінеді.

“Қатты ауырып жатқанда нәр татпай қалдым. Бір есімді жиғанда қатты шөлдеп жатыр екенмін. Шешемнен самаурындағы шайды сұраппын. Лаура деген әпкем екеуі ескі самаурынды шығарып, шай ішкізді. Қанша күннен бері нәр татпағандықтан, көп іштім. Бір күні ұйықтап жатсам түс көрдім. Түсімде оюлы самаурынның артында өзімнің фотом тұр екен. Оянып кеткенде өзіме самаурын шығарамын деп серт бердім”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, әнші енесінен қалған 200 жылдық тарихы бар қазанды қолданып жүргенін жазған болатынбыз. 

Талқылау