Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салығы адам шошырлық": Қозғалтқыш көлемі 4 литрден жоғары автокөлік иелері петиция жариялады

Елімізде көлік құралдарының қозғалтқышы 4 мыңнан асатын жүргізушілер салықтың тым қымбат екеніне қарсылық білдіріп, петиция жариялады. Құжатқа бүгінде 7000-нан астам адам онлайн түрде қол қойған. Азаматтар нарықта бағы арзандап кеткен бұл көліктердің салығының да аз қылуын талап етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Көлік иелері онсыз да ескірген автомобильдердің техникалық қызметінің өзіне қырауар қаражат кететінін айтуда. Сондықтан бірдей көліктердің салығы қозғалтқышына қарай есептелуіне қарсы. 

“Мысалға Toyota Land Cruiser 200 көлігін алып қарасақ, біреуінде 4,0 л объемі, біреуінде 4,7. 2013 жылға дейін 4,7-лер 400 мыңға дейін налог төлейді. Ал дәл сол көліктің 4 л объемы барлар 38-40 мың налог төлейді”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Серік Ысқақов.

Азаматттардың айтуынша жылы ескі болса да дәл осындай жол талғамайтын көліктердің салықтарының қымбат болуына қозғалтқыштарының күштілігі әсер еткен. Алайда бұл көліктердің салығы қымбат болса да, қазір нарықта құны арзандаған.

“Елімізде қозғалтқыш көлемі 4 литрдан жоғары автокөліктердің көбі бүгінде ескірген. Олардың нарықтығы құны 3 миллионнан басталады. Бірақ жыл сайынғы салығы адам шошырлық. Сондықтан салық көлемін төмендету үшін петиция жариялағанбыз”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Ержан Жұматаев.

Азаматтар жыл сайынғы салықтың қиындық тудырғанын алға тартты. Ал мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары салық төлемінде өзгеріс болмағанын мәлімдеді.

“Салық заңнамасына сәйкес көлік құралдары бойынша 2 ставка қарастырылған. Мысалға айтатын болсақ қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан асатын автокөліктер бойынша егер осы автокөлік 2013 жылдың 31 желтоқсына дейін әкелінсе, 117 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді. Ал 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін әкелінсе 130 АЕК көлемінде төленеді”, – деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Деректерге сай 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін тіркеуден өткен көліктерге арнайы жеңілдіктер де қарастырылған екен. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар мен Ұлы отан соғысының ардагерлерінің атына бір реттік көлік тіркеу жеңілдігі қарастырылған. Егер сату немесе қайта тіркелген жағдайда азаматтар 117 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді. Ал, 2014 жылдан бастап кірген темір тұлпарларға мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған.

Талқылау