Қазақстанда білім гранттары конкурсына құжат қабылдау қашан басталады

Қазақстандық талапкерлер білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжаттарын 13-20 шілде аралығында тапсыра алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау мерзімдерін жариялады. Абитуриенттер құжаттарын 13-20 шілде аралығында тапсыра алады.
Құжаттарды келесі тәсілдермен өткізуге болады:
- жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы (офлайн);
- виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы;
- eGov порталы арқылы онлайн.
Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3×4 көлеміндегі фотосурет;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдік санаттары бойынша конкурсқа қатысуға құқық беретін растайтын құжаттар.
B167 "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану" білім беру бағдарламасына түсушілер қосымша түрде дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан медициналық тексеруден өтуге тиіс. Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге қосымша ақпарат алу үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуді ұсынады.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
Оқыңыз