Назарбаевтың әйгілі видеосы қай жағажайда түсірілгені белгілі болды (видео)

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажайда жүгіріп бара жатқан видеосына пародия жасайтын тренд кеңінен тарады. Десе де көпшілік оның нақты қай жерде түсірілгенін білмейді. Блогер Февралев бұл орынның қайда орналасқанын анықтауға тырысып көріпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің айтуынша, Назарбаев бұл видеоны Рио-де-Жанейродағы әйгілі Копакабана жағажайында түсірген. Февралев оған дәлел ретінде видеода экс-президенттің артқы жағында көрінетін төбелер мен ғимараттарды көрсеткен.
Ал желі қолданушылары "енді қазақтар бұл трендті түсіру үшін Бразилияға баратын болды ғой" деп әзілдеді. Тіпті кейбірі блогерге туристік орынды жарнамалағаны үшін ақша алу керек деп қалжыңдады.
“Бұл видеоны бұрын талай көрдім. Бірақ Түркияда түсірілген шығар деп ойлап келдім. Сөйтсем, мүлде басқа жер екен. Әрине, президенттің баспасөз қызметі оның беделін көрсету үшін әлемдегі ең танымал жағажайлардың бірінде ешкімге алаңдамай жүгіріп жүргенін көрсеткісі келген шығар”, – деп жазды олар.
Копакабана – Рио-де-Жанейроның басты символдарының бірі әрі әлемдегі ең танымал жағажайлардың қатарына кіреді. Оның ұзындығы шамамен 4 шақырым. Мұнда жыл сайын ауқымды Жаңа жыл мерекелері ұйымдастырылып, оған 2 миллионға дейін адам жиналады. Сонымен қатар жағажайда әлемдік жұлдыздардың тегін концерттері өтеді. Осындай концерттердің бірінде әнші Шакира 2 миллионнан астам көрермен жинап, әлемдік рекорд орнатқан.
Айта кетейік, бұған дейін Биыл 15 наурызда Назарбаев референдумда дауыс беріп, сол кезде елдегі саяси реформаға пікір білдіріп, Тоқаевты ізбасары ретінде таңдағанына өкінбейтінін жеткізген еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз