Қазақстанда Назарбаевқа жаңа ота жасалды деген ақпарат жоққа шығарылды

University Medical Center (UMC) бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне бұрын операция жасалғанын, жаңасын жасау туралы ақпараттың жалған екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
UMC баспасөз қызметі Назарбаевтың операциясын жоққа шығармады. Бірақ ақпараттың "ескі және өзекті емес" екенін атап өтті.
Оқыңыз"Қоғамды адастырмас үшін жалған немесе ескірген ақпарат таратудан бас тартуыңызды сұраймыз", – деп қосты UMC.
Бұған дейін кейбір БАҚ операцияны әйгілі кардиохирург Юрий Пя жасағанын жазған еді. Алайда UMC таратқан түсіндірмеге қарағанда, әңгіме жаңа операция туралы емес, желіде қайта тарай бастаған ескі ақпарат жөнінде болып отыр.
Еске салсақ, Назарбаевтың жүрегіне операция жасалғаны туралы хабар алғаш рет 2023 жылдың қаңтарында тараған еді. Сол кезде Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай операцияның сәтті өткенін, өміріне қауіп жоқ екенін және Назарбаевтың дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеген.
Еске салсақ, бұған дейін Сара Назарбаева ауруханадан шыққаны туралы хабарлаған едік.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады