Сара Назарбаева ауруханадан шықты
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie
Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара Назарбаеваны Ұлттық госпитальға 2025 жылғы сәуірде жатқызған. Сол кезде БАҚ пен кейбір дереккөздерде оның денсаулығы мен орналасқан жері туралы әртүрлі болжамдар тараған. Клиника диагноз бен жағдайды жарияламады. Себебі бұл – медициналық құпия.
"Пациент клиникада емделді және қаңтарда амбулаториялық емге жіберілді. Денсаулығы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы басқа ақпарат медицина құпиясына жатады және жарияланбайды", – делінген мекеменің хабарламасында.
Осылайша, Назарбаевтың 84 жастағы жұбайы клиникада он ай уақыт өткізген.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған