Назарбаев елдегі саяси реформаға пікір білдіріп, Тоқаевты ізбасары ретінде таңдағанына өкінбейтінін жеткізді

Фото: Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтынан
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасын қабылдауға қатысты референдумға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты өз пікірін білдірді. Тұңғыш Президент Мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.
“Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін”, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салайық, бұған дейін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың референдумда дауыс бергенін жазған едік. Қазақстанның бұрынғы президенті елордадағы №228 сайлау учаскесіне келіп, жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша дауыс беруге қатысты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?