Павлодарда әйелдің басына мұз лақтырған адам анықталды

Павлодарда полицейлер әйелдің басына мұз лақтырған адамды анықтады. Белгілі болғандай, балконнан мұзды абайсызда 12 жастағы қыз түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, қыз балкондағы мұзды сындырмақ болған. Алайда мұз қолынан сусып кетіп, төменге құлаған. Оқиғадан кейін балалар қорқып, болған жағдайды ересектерге айтпаған. Кейін полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтаған.
Оқыңыз“Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда сәбиін бесікарбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты үйден мұз кесегі құлағаны туралы жазған едік.
Кейін бұл оқиғаның бір ай бұрын, нақтырақ айтқанда 8 шілдеде болғаны анықталды. Сол кезде куәгерлер мұз полицейдің пәтерінен құлаған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Олар оқиғаның тергеу ведомство басшысының жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді