"Салафилік бағытта болған": Ақтауда үш баласын өлтірген ер адам туралы тың ақпарат анықталды
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 3 баласын өлтірген күдікті туралы ақпараттар белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тurkystan.kz порталына сілтеме жасап.

Оның Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы екені анықталды.
Ауылдастары айыптыны салафилік бағытта болғанын алға тартты.
“Бейнеудегі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте бірге оқыдық. Бүгінгі оқиғаны естіп ауылдастарымызбен бірге шошып отырмыз. Намазхан жігіт еді. Неліктен мұндай қадамға барғанын білмедік",- деді ауылдасы.
Полиция департаменті күдіктіге қатысты әзірге басқа ақпараттарды жарияламады. Ал желіде үш баласын өлтірген азаматтың толық аты-жөні мен марқұм болған үш баласының есімі жария болды. 36 жастағы азаматтың бейресми ақпарат бойынша екі қызы кенже ұлы болған.
Еске салсақ, Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлаған болатынбыз.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”