Ақтауда ер адам өзінің үш баласын өлтірді деген күдікке ілінді
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ақтау қаласы 27 шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдердің денесі табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған үш баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады", – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған