Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді. 51 келіде жұдырықтасатын отандасымыз Гонконг спортшысы каннет Чунды 3 рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Отандасымыз келесі айналымда кениялық Дэвид Мачариаға қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, әйелдер арасында сынға түскен Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жегінде Тианна Гуиді жеңген еді.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр

