Сағадиев: Қазақстан мектептерінде жаңа лауазым пайда болады
Қазақстан мектептерінде информатика пәні бойынша директордың орынбасары міндетін атқаратын қызметкер тағайындалады, дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Оның айтуынша, бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде, нәтижелер жыл соңына дейін күтіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Министр үкімет сағатында бастауыш сыныптарға арналған информатика пәніндегі программалау тілдерін қайта қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ, Сағадиев Қазақстан мектептерінде информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатқанын да ескерте кетті.
«Мектептерге ұсынылғын көп бағдарламалар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінде бірінші сыныптап бастап оқытылады. Біздің елде информатика пәні бесінші сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл үшінші сыныптан басталады. Сондай-ақ, 1-ден 5 сыныпқа дейін арналған информатика пәніндегі программалау тілдері қайта қарастырылатын болады. Программалау тілдері тез өзгеріп отырады. Сондықтан қазақстандық оқушылар ең соңғы программалармен оқуы керек болып тұр», — деді Сағадиев білім беру саласындағы цифрландыру мәселесіне арналған үкімет сағатында.
Сондай-ақ, білім беру саласындағы үкімет сағатында информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр екен.
«Информатика пәнін оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған қатысты жоба жасалып болған соң, әрі қарай бұл мәселе қоғам мен мұғалімдердің талқылауына беріледі», — деп қорытындылады министр.
Жіберіп алмаңыз:
Көктем және жаз айларына арналған ауа райы болжамы
Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады
Білім министрі: 7 жасар баланың ісіне қатысты кінәлілер болса, ең қатаң жаза қолданылады