Білім министрі: 7 жасар баланың ісіне қатысты кінәлілер болса, ең қатаң жаза қолданылады
Ерлан Сағадиев ОҚО-дағы мектепте қатаң тексеру жүретінін мәлімдеді.

Бірақ тексеру тек тергеуден соң жүргізілмек. Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәжілістің Үкімет сағатында мәлім етті деп хабарлайды stan.kz.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Әрбір 5 минут сайын бұған қатысты ақпарат таратудың керегі жоқ деп ойлаймын. Тергеу нәтижесін күтейік. Біз прокуратурамен, ІІД-мен сөйлестік. Бала қауіпсіз жерде. Онымен көп адам айналысып жатыр», – деді министрі журналистерге.
Журналистер Абай ауылындағы мектеп директорына қашан шара қолданылатыны жөнінде сұрады.
«Дәлел болып, сараптама нәтижесінде кінәлі екені дәлелденетін болса, міндетті түрде ең қатаң жазаны қолданатын боламыз», – деді Сағадиев.
Тағы оқыңыз:
Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек
Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы